Вы вошли как Гость · Группа "Гости"Приветствую Вас, Гость · RSS
Жас Ұлан
Меню сайта


Поиск


Статистика

Онлайн отырғандар: 1
Қонақтар: 1
Тұрақты пайдаланушы: 0


Форма входа


26.07.2025, 09:15
http://img397.jpg

Мағжан оқулары жүктеу

М.Жұмабаев атындағы № 21 орта мектебінде 2014 жылдың ақпан айының 11-і күні

мәжіліс залында «Жас Ұлан» ұйым мүшелерінің ұйымдастыруымен 4 «А», 4 «Ә» сынып оқушыларының арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» тақырыбында сайыс сабағы жүргізілді. Сабақты ұйымдастырып жүргізуші аға тәлімгер Сәттерова Бағила Әбдімашқызы.

Мақсаты: оқушыларды елін, жерін құрметтеуге, Отанын сүюне, қазақстандық патриотизмді бойларына дарытуға, сөздік қорын байытып, тіл байлығын арттыруға танымдық қазығушылығын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Тәуелсіздік туралы нақыл сөздер, слайдтар.

Зал безендірілген, күймен әсерлендірілген.

Өтілетін «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайыс сабағының жүргізілу барысымен аға тәлімгер Сәттерова Бағила көрермендерді таныстырып өтті. Содан кейін әуезді музыка үнімен  екі топтың ұйым мүшелері сахнаға көтерілді. Жүргізуші оқушылар айтатын мақалдар мен жұмбақтардың негізгі тақырыптары туған жер, Отан, елді-мекен екендігін жыр-шумақтарымен баяндап жеткізе білді.

Тәуелсіздіктің жемісі тақырыбында  слайдтар көрсетілді. Алғашқы Президент Н.Ә.Назарбаев; Ұлттық бірлік; Мемлекеттік нышан – Елтаңба, Ту, Әнұран; Ұлттық валюта – теңге; Ата заң – Конституция; Қазақстанның Қарулы Күштері; Елорда – Астана.

Жүргізуші: жұмбақтап Елтаңбаны өлең жолымен жеткізді.

-         Әр сызығы сырға толы өрнекті,

Бейнеленген бейбіт өмір, еңбекті.

Шаңырағынан алтын шапақ Күн өрген,

Тәуелсіздік – Елтаңбамыз көрнекті.

Жүргізуші:    Хас тұлпардай бәйгедегі дүбірлі.

                       Асқақтатар рухыңды да, үніңді,

                            Елдігің мен ерлігіңді паш еткен

                        Тәуелсіздік – Әнұраным бүгінгі!

Келесі топтың ұйым мүшелері  шумақтардың жалғасын тауып, берілген тапсырмалар бойынша жылдам, ұшқыр ойлы жеткіншіктер қызығып  айтып жатты. Мәселен, Ту туралы ойларын сынып жетекшілері Әбенова Зине мен Дүйсебаева Айгүлмен бірлесе отырып, өлең жолдарын өрнектеді.

            Ел тағдырын жаңа тапты таңдаған,

            Бейбіт күннен шуақ алды кең дала.,

            Тәуелсіздік – аспан түстес Туымыз,

            Күн астында қайсар қыран самғаған.

Тақырыптық мақал-мәтелдер мен жұмбақтар айтып «Жас қыран» тобындағы ұйым мүшелері өздерінің ой-тапқырлықтарын жеткізе білді. Осы сайыс барысында ерекшеленген ұйым мүшелері «ХХІ ғасыр – көшбасшысы ойынына қатысуға жолдама алатындықтарын сынып жетекшілері алдын-ала хабарлап айтты. Құлын-тайдай жарысқан жеткіншектеріндің қызығушылықтарында шек болмады. Сахна төрінде естелікке суреттерге түсті.

Қазақ халқы – сөз қадірін біліп, қасиетті сөзді қастерлеп, әңгімесін терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан халық. Қазақ халықының педагогикасы жаңаша дәстүрмен, тамаша салт-саналарымен дами береді. Біз оның тәрбиелік мәнін тиімді және жан-жақты пайдаланып, ұлттық тәрбиені өркендете беруге міндеттіміз.


"Тіл мерекесі", "Мың бір мақал, мың бір жұмбақ"

 

"Ұланымыз - Ұлы елдің!" атты

7-8 сынып оқушыларының

ермексаздан құрап жасаған

мультфилімі:

http://tarsh21.ucoz.ru/foto/5Multfilm5.bmp

 

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау кешінің өткізілуі жайлы

АҚПАРАТ

 http://tarsh21.ucoz.ru/foto/JasUlan.jpg

            М.Жұмабаев атындағы № 21 орта мектебінің «Мұрагер» қоғамдық балалар ұйымының мүшелерін 2013 жылдың желтоқсан айының 12  күні «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау жиыны өткізілді.

«Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты:

            Заманауи ғылыми дүниетанымды қалыптастыру және құндылықтарды игеретін Қазақстанның болашақ қоғам құрушысын тәрбиелеуге баулу.

Міндеті:

Балалар мен жасөспірімдерді өздігінен жұмыс істеуге баулу, қоғамдық балалар ұйымдарының арасында ынтымақтастық орнату және олардың әлеуметтік бастамалары мен жобаларына қолдау көрсету, балалар ұйымының қызметін жандандыру.

Жиын сағат он екіде мәжіліс залында өткізілді. Көрнекіліктер мен қанатты сөздермен безендірілді.

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын жас жеткіншектердің ата-аналары, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер мен «Мұрагер» отрядының ұйым мүшелері арнайы шақырылып қатыстырылды.

            Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.П.Шаханов көрермендерді Тәуелсіздігіміздің 22 жылдық мерекесімен құттықтай отырып, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына 2-сынып пен 8-сыныптың оқу озаттарын қабылдауға арналған салтанатты мерекелік жиын екендігін атап өтті. Осыдан кейін ұйым мүшелері сап түзеп, тік тұрып ҚР мемлекеттік Гимн орындады.

Іс-шараны «Жас Ұлан» ұйымының мүшесі 8 «А» сыныбының озат оқушысы Орақова Назерке жүргізді. Назерке алдымен «Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын оқушыларды түгелдей сыныптарымен жеке-дара таныстырып өтті. Осыдан кейін «Жас қыран» мен «Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын оқушыларға мектеп әімшілігі мен ұлағатты ұстаздар мойындарына галстуктері мен омырауларына төс белгілерін тақты.

            «Жас қыран» ұйымына қабылданған он екі оқушы мен «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған он екі оқушы Ант қабылдай отырып, әрбір жеткіншек өздерінің Отанға, елге деген сүйіспеншіліктерімен «Жас Ұлан» ұйымының нағыз көшбасшы жауапты азаматтары болғандықтарына сенімділіктерін білдірді.

            «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған жас жеткіншектерге деген ізгі тілектерін білдірген мектеп әкімшілігі мен ата-аналар, ардагер ұстаздар болды.

            Мерекелік жиын «Жас Ұлан» ұйымының шағын концерттік бағдарламасына жалғасты.

            Ата-аналар, ұстаздар «Жас Ұлан» ұйым мүшелерімен бірге естелік суреттерге түсті.

14.11.13

http://tarsh21.ucoz.ru/foto/14.11.13.jpghttp://tarsh21.ucoz.ru/foto/14.11-13.jpg

            

Тарихи ескеткіштерді қорғау жөніндегі «Қайырымдылық кемпірқосағы» қалалық акциясының

М.Жұмабаев атындағы № 21 орта мектебінде өткізілді.

Осы орайда, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымындағы ұйым мүшелерімен бірге әрбір сыныптарда сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Бабалар мұрасы - мәңгілік» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

 

            2013 жылдың 28.09. күні 7-8-сынып оқушыларының аралығында аға тәлімгер Б.Сәттерова мен тарих пәнінің мұғалімі Э.Қаспақованың ұйымдастыруымен «Өмірі – үлгі, ерлігі дастан – Бауыржан ата» тақырыбында дөңгелек үстел жүргізілді.

 

            2013 жылдың 9.10-.12.10 күндері  5-сыныптар мен 8-сынып оқушыларының аралығында «Тарихи ескерткіштер сыр шертеді» ізденіс тақырыбында әрбір оқушының үздік жұмыстары талқыланды.

 

            2013 жылдың 23.10 күні «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері аға тәлімгер Сәттерова Бағиланың ұйымдастыруымен батырлар аллеясы мен полиция капитаны Ғ.Байтасовтың ескерткіш тақтасына гүл шоқтарын қоя отырып, батыр ағалардың ерліктеріне тағзым етті. Ескерткіш ретінде құлпытас жанында ұйым мүшелері суреттерге түсті. Тебірене жыр-шумақтарын жырлады.

 

            Батыр ұл есімдері сақталады,

 

            Жыр болып жүректерде жатталады.

 

            Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп

 

            Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.

 

Осындай ерліктің ерен үлгісін көрсетіп артына өшпес із қалдырған ерлердің ісін ұмытпай тарихымызды жаңғыртып отыру – бүгінгі ұрпақтың парызы.  

Тарихи ескеткіштерді қорғау «Қайырымдылық кемпірқосағы» акциясының М.Жұмабаев атындағы № 21 орта мектебіндегі  «Жас Ұлан» ұйымының «Мұрагер» отрядындағы 2013 жылдың  07.09 мен 04.11 күндері аралығындағы атқарылған  айлық іс-шаралардың ЖОСПАРЫН ЖҮКТЕУ

 

А С Т А Н А   -   МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!

 

 

Баспасөз - баршаның ісі

Биылғы  оқу жылының алғашқы айларынан  бастап–ақ  мектебімізде қызу жұмыстар қарқынмен басталды. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымындағы «Ұланбасы» - Мектеп президенті болып саналатындықтан қыркүйек айынан бастап  7-сынып пен 10-сынып оқушыларының аралығында өз өтініштері бойынша «Жас Ұлан» ұйымының   белсенді оқушылары мүшелікке қабылданып, осылардың ішінен 10 –сыныбының озат оқушысы – Нағыметов Бауыржан 62 ұпаймен дауыс жинап «Мектеп  президенті» болып сайланды. Бауыржанның ұйғарымымен басқа ұйым мүшелеріне мектепшілік оқушылардың арасында жүргізілетін  қоғамдық жұмыстар тапсырылып бекітіліп отырды. Бұл оқушылардың барлығы да жасұландықтар. Осылардың ішінде –Ақбаян, Жайна, Әсем, Ернұр, Бексұлтан, Нұрсұлтан, Мұхтар, Арай, Аида  бұлар әрдайым мектептегі қоғамдық жұмыстардың өтілу барысында белсенділік танытып, өз істерін  жауапкершілікпен атқарып келеді. «Жас Ұлан»   ұйымының белсенді мүшелері – Ернұр мен Арай «Мектеп тынысы» газетінің белді редкология мүшелері. Сондай-ақ  ұйым мүшелері тоқсан сайын оқушылардың күнделіктерінің, кітаптарының, тазалықтарына мән берулерін тексеріп, ескертулер  жасап отырады. Биылғы оқу жылының бастамасындағы  осындай істеріміз үшін әрбіріміздің жүзімізде қашанда  бір жарқын  істердің лебі сезіліп  тұрғандай көрінеді. Мектебіміздің жақсы  болуы – біз  үшін зор мәртебе емес пе! «Жас Ұлан» ұйымы қашанда жаңалықтың  жаршысы  болуға дайын тұрады.

Күтпеген кездесу.Мектепте тоқсанның аяқталу кезеңі де жақындап қалған уақыт еді. Осы кезеңге орай «Күз аруы» байқауы жүріп жатқан кезі   болатын. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Жас Ұлан» ұйымындағы ұйым мүшелерін мәжіліс залына жинады. Бәріміз  не айтар екен  деген ойдамыз .Бір мезетте сахнаға жайдары, ақжарқын  апай шығып өзін толық таныстырды. Өзінің өмір жолынан мысалдар келтіре отырып, келген жұмысының басты тақырыбы - жаңадан шығып бой көтере бастаған Жамбыл облыстық «Балалық шақ» - «Детство» балалар газетіне баспасөзге  жазылу туралы  ақпарат  жүргізіп келе жатқандығы туралы  ағынан жарыла сөйледі. Өзім осы газеттің бас редакторы – Гүлнар Есмаханқызы деген апайларыңмын деп, өзін таныстырып өтті. Бәрімізге әкелген нөмірлік газеттерін тарата отырып,газеттегі шыққан әрбір оқырмандардың  қолжазбалары туралы қызықтап түсіндірді. Ұйым мүшелері ойларындағы көкейкесті сұрақтарын қойып, апаймен сұхбат жүргізілді. Ұйым мүшелерінің әрқайсысы  газетке жекелей және сыныптағы оқушылардың арасында басылымға жазылу туралы  түсіндіру жұмыстарын  жүргізеттіндіктерін  айтты. Сондай–ақ электрондық почта арқылы  өздерінің жазған  тақырыптық  мақалалары  мен суреттерін салуға  сенімділіктерін білдірді. Барлығы  апаймен  естелікке суреттерге түсті. Осыдан кейін менің  кішкентай жүрегімді  мазалаған ой – қолыма қалам алғызды. Кезінде ағартушы - ғалым 

А. Байтұрсынұлы: «Газет- халықтың көзі, құлағы, һәм тілі» деп текке айтпаса керек. Қазіргі жастарымыз газеттен гөрі электрондық жүйелерге көп әуестеніп кеткендей. Сондықтан айтарым – көзіңмен көріп,қолыңмен ұстағанға не жетсін! Оймен тоқып, ойланып - баспасөзге жазылу әрқайсымыздың міндетіміз  екендігін естен шығармайық.         

 

                                                                М.Жұмабаев  атындағы

                                                                21 орта мектебінің

                                                                8 «А» сынып оқушысы

                                                                Жақашева Әйгерім Айдарханқызы

Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл 

мультфильм

 

 

 

 

М.Жұмабаев атындағы №21 орта мектебі

Мектептен тыс жұмыс және балалар

 шығармашылық орталығының

 директоры Т.В.Грабичукке

 

Мектеп Президентінің сайлауы

 

                           2016 жылдың  қыркүйек  айының 14 күні  М.Жұмабаев атындағы №21 орта мектебінде        «Жас Ұлан »ұйымының Ұланбасын ,яғни өзін-өзі басқару  ұйымының  жетекшісі  болып саналатын мектеп  Президенті болуға ұсыныстарын білдірген 7- сыныптар мен 9- сыныптар аралығында сайлау жүргізілді. Сайлау екі ауысым аралығында сағат 13.00 –де мәжіліс залында жасырын дауспен өткізілді. Сайлауға қатысқан 128-ге  жуық оқушы өздері қалаған үміткерлерге дауыс беру парағын сайлау жәшігіне салды. Сайлау комиссиясының құрамына «Жас Ұланның» мектептегі кеңес құрамының бес оқушысы мен

Бесплатный хостинг uCoz